​Париждің Құдай ана шіркеуі өртке оранды (видео)

0
1 297

Өрт сөндірушілерге сілтеме жасаған Le Parisien газетінің жазуынша, өрт тек «ішінара сөндірілген".


​Париждің Құдай ана шіркеуі өртке оранды (видео)

ERNUR.KZ. Париждің Құдай ана шіркеуіндегі алапат өрт сөндірілді, деп жазады Қазақпарат Le Figaro басылымына сілтеме жасап.

«Өрт сөндірілді. Қазір ғимараттың қызып тұрған қабырғаларын салқындатуға күш салып жатырмыз, өрттің қайта тұтанбайтынына көз жеткіземіз», - делінген өрт сөндірушілердің хабарламасында.

Өрт сөндірушілерге сілтеме жасаған Le Parisien газетінің жазуынша, өрт тек «ішінара сөндірілген».

Еске сала кетейік, Нотр-Дам де Пари соборында 15 сәуір күні жергілікті уақытпен 18:50-де өрт шыққан болатын. Алдын ала деректерге қарағанда, өрт шіркеудің үстіңгі бөлігіндегі жөндеу жұмыстары кезінде тұтанған болуы мүмкін.