​Паркті аралап жүрген туристер жігіттің азапты өліміне куә болды (видео)

0
1 546

Жантүршігерлік оқиға видеоға түсірілді.


​Паркті аралап жүрген туристер жігіттің азапты өліміне куә болды (видео)

ERNUR.KZ. Үндістанда туристер ер адамның жантүршігерлік жағдайда өлгеніне куә болды. Оны жабайы табиғат паркінде арыстандар талап тастады, деп жазады sputniknews.kz.

Трагедия Пенджабтағы сафари паркінде болды. Паркті көлікпен аралап жүрген туристер ер адам арыстандарға 7,5 метрлік қоршаудан секіріп түскенін көрген. Жыртқыштар оған бірден бас салып, мойнынан сүйреп әкеткен. Жантүршігерлік оқиға видеоға түсірілді.

Куәгерлер арыстандарды үркітпек болады, алайда жыртқыштар оған мән бермейді. Парк күзетшісі арыстандарға барып, ер адамның денесін алып шықты.

Марқұм неліктен қоршаудан өтіп, арыстандарға тап бергені әзірге хабарланған жоқ.