​Пәтер бағасы құлдырайды - сарапшылар

0
1 094

Қазір шаһарда 12 шаршы метрлік шағын пәтерлер жоғарғы сұранысқа ие.


​Пәтер бағасы құлдырайды - сарапшылар

ERNUR.KZ. Мәскеуде 9 шаршы метр пәтер 1 млн 600 мың рубль тұрады. Теңгеге шаққанда 1 шаршы метрі шамамен 1 млн теңге болады, деп жазады «Хабар 24».

Қазір шаһарда шамамен 2 млн рубль тұратын 12 шаршы метрлік шағын пәтерлер жоғарғы сұранысқа ие. Ал қаланың қақ ортасындағы бір бөлмелі пәтердің орташа құны 16 млн рубль тұрса, ең қымбаты 62 млн рубль. Сарапшылар жаңа жылда құрылыс құны айтарлықтай өскенмен, «пәтер бағасы құлдырайды» деп болжам жасап отыр. Айтуынша, бұған сұраныстың азайғаны бірден бір себеп.

Юлия Рышкина, «жылжымайтын мүлік нарығының индикаторы» орталығының сарапшысы:

- Көбінесе шағын көлемді пәтерлер сатылады. Бұл халықта ақша жоқ екендігін көрсетеді. Сондай-ақ ресейліктер үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмен болғандықтан, ипотекаға пәтер алғандардың қатары артты. Баға өткен жылмен салыстырғанда 3% ғана өсті. Бұл инфляциядан да төмен көрсеткіш. Болжам бойынша 2020-2021 жылға қарай жылжымалы мүлік құны 20% дейін арзандауы мүмкін.