Pfizer қытайлық вакцинаға қарағанда он есе тиімді – қытайлық БАҚ

0
654

Sinovac вакцинасын ектіргендердің антиденелерінің деңгейі COVID-19 дертімен ауырғандардыкімен бірдей болып шықты.


Pfizer қытайлық вакцинаға қарағанда он есе тиімді – қытайлық БАҚ

ERNUR.KZ. Pfizer тиімділігі 95%, Sinovac препаратыныкі 50,7% деп жарияланған еді. Biontech пен Pfizer шығарған коронавирусқа қарсы вакцинаны қабылдағандардың антиденелері қытайлық Sinovac препаратын таңдағандардыкіне қарағанда он есе көп, деп жазады inbusiness.kz.

Sinovac вакцинасын ектіргендердің антиденелерінің деңгейі COVID-19 дертімен ауырғандардыкімен бірдей болып шықты. Ғалымдар вакцинаның үдеткіш дозасын қарттар мен иммунитеті төмен адамдарға қолдану қажет деп санайды.

Бенджамин Коулинг есімді ғалым зерттеу нәтижелері вакцина өндірушілердің екпе тиімділігі туралы мәлімдемесіне сәйкес келетінін атап өтті. Еске сала кетсек, Pfizer тиімділігі 95%, Sinovac препаратыныкі 50,7% деп жарияланған еді. Зерттеу нәтижесі бойынша, Pfizer вакцинасын қабылдаған 12 адамның антиденелерінің орташа деңгейі 267 екендігі анықталды. Бұл Sinovac-ты ектіргендердің антиденелерінен (27) 10 есе көп.