Польша депутаттардың, сенаторлардың, шенеуніктердің айлығын еселеп азайтпақ

0
1 201

Ендігі таңда олардың айлығы ғана төмендемейді, сонымен қатар өткен жылы үлкен көлемде сыйлықақы(премия) алған шенеуніктер аталмыш қаржының басым бөлігін қайырымдылық қорларына аударуға міндеттеледі.


Польша депутаттардың, сенаторлардың, шенеуніктердің айлығын еселеп азайтпақ

Польшаның экс-премьер-министрі Шидло өзіне және үкімет мүшелеріне үлкен көлемдегі сыйлықақы (премия) тағайындап, ақшаны оңды-солды шашқаны белгілі болған сәтте, елде үлкен жанжал туындаған еді. Қоғамның наразылығын туындатқан жайтқа байланысты Польшадағы бас партия «Құқық және Әділеттілік» партиясы депутаттардың, сенаторлар мен мемлекеттік компаниялардың айлығын төмендету жайлы заң қабылдайтынын мәлімдеді,-деп жазады ARHAR. Ол жайында 5 сәуір күні Варшавада өткен арнайы пресс-конференцияда партия басшысы Ярослав Качиньский сөзінен белгілі болды. Аталмыш заң барлық шенеуніктерді қамтымақ. Ендігі таңда олардың айлығы ғана төмендемейді, сонымен қатар өткен жылы үлкен көлемде сыйлықақы(премия) алған шенеуніктер аталмыш қаржының басым бөлігін қайырымдылық қорларына аударуға міндеттеледі. «Үкімет мүшелері барлық сыйлықақыларын мамырдың ортасына дейін қайырымдылық қорларына аударуға бір ауыздан келісім берді. Бірақ бұл жеткіліксіз. Біз депутаттардың айлығын 20%-ға азайтуды заң жүзінде бекіту керек деп шештік»,-деді Качиньский. Оның сөзіне сенсек, ендігі таңда аталмыш заңға қарсы дауыс берген саясаткердің саяси салада қызмет етуі екіталай болмақ. «Халық қарапайым өмір сүрсе, өзгелер шалқымауы керек», — деп сөзін түйіндеді бас партия басшысы.