Президент доллардың үстемдігін тоқтатуды талап етті

0
1 219

Түркия президенті Тайип Ердоған Бішкекте өткен Түркия-Қырғызстан бизнес-форумында доллардың халықаралық саудадағы үстемдігін тоқтату қажеттігін мәлімдеді.


Президент доллардың үстемдігін тоқтатуды талап етті

ERNUR.KZ. Түркия президенті Тайип Ердоған Бішкекте өткен Түркия-Қырғызстан бизнес-форумында доллардың халықаралық саудадағы үстемдігін тоқтату қажеттігін мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Түркия президентінің айтуынша, сауда-саттықты жайлы ету үшін пайдаланылып келген доллар жүйесі қазіргі уақытта үлкен проблемаға айналды.

"Валюта бағамдарымен жүргізіліп жатқан барлық амал-тәсілдің мақсаты – Түркия экономикасының мықты екендігіне шүбә келтіру. Халықаралық саудада доллардың үстемдігін жою қажет", - деп келтіреді Ердоғанның сөзін Anadolu агенттігі.

"Доллардың мақсаты - Түркия экономикасына соққы жасау. Алайда үкімет қабылдаған шаралар мен Түркия халқының ұстанымы арқасында соққы жасау мүмкін болмады", - деді Түркия президенті.