Президент келер алдында балабақшаға карызға жиһаз алынған

0
1 044

Аталған мемлекеттік органның өкілі кәсіпкерлер шағымын растады.


Президент келер алдында балабақшаға карызға жиһаз алынған

ERNUR.KZ. Ташкент облыстық мектепке дейінгі білім беру басқармасы президент сапары алдында "Калдиргоч" ("Қарлығаш") балабақшасы үшін жеке дүкендерден қарызға жиһаз және тұрмыстық техника алып, әлі қайтармаған, деп жазады centralasian.org.

Дүкен иелерінің айтуынша, балабақша қызметкерлері келіп, 76 миллион сумның (9 мың АҚШ доллары шамасында) жиһазы мен тұрмыстық техникасын қарызға алып кеткен.

"Президенттің аталған балабақшаға келеріне бір күн қалғанда, біз жалпы құны 76 миллион сумның жиһазы мен тұрмыстық техникаларын қарызға бергенбіз. Ташкент облыстық мектепке дейінгі білім беру басқармасы ақшаны мемлекет басшысы келіп-кеткеннен кейін қайтарамын деп уәде етті. Бірақ содан бері бір ай өтті, әлі қайтармады", - дейді жекеменшік дүкендердің бірінің иесі.

Аталған мемлекеттік органның өкілі кәсіпкерлер шағымын растады.

"Әзірге біздің қаржы бөлім ақша бөлмей жатыр. Келесі аптада қайтарамыз. Біз кәсіпкерлермен сөйлестік, келісімге келдік", - дейді шенеунік.

Осыған дейін президент Шавкат Мирзияев аймақтарға жасаған сапарларынан кейін "көзбояушылықты" сынға алған. Бірақ соған қарамастан жергілікті шенеуніктер тарапынан мұндай әрекеттер жалғасып келеді.