Президент зейнеткерлік жасты төмендету туралы заңға қол қойды

0
1 798

Үкімет егде жастағы адамдар қаншалықты зейнетке ертерек шықса, елдегі жұмыссыз жүрген жастарға жұмыс орындары көбірек ашылады деп есептейді.


Президент зейнеткерлік жасты төмендету туралы заңға қол қойды

ERNUR.KZ. Италия президенті Серджо Маттарелла зейнеткерлік жасты төмендету туралы заңға қол қойды. Бұл туралы дүйсенбі күні ANSA агенттігі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазір Италияда 67 жаста зейнеткерлікке шығады. Үкімет егде жастағы адамдар қаншалықты зейнетке ертерек шықса, елдегі жұмыссыз жүрген жастарға жұмыс орындары көбірек ашылады деп есептейді.

Реформа еңбек өтілі жеткілікті италиялықтарға 62 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік береді. Бұл 29 жасқа толмай тұрып жұмыс істеуді бастағандардың барлығына қатысты. Жыл соңына дейін бұл реформаны жүзеге асыру үшін 4 млрд еуро, 2020 жылы 8 млрд еуродан астам қаржы жұмсалмақ.