​Президентті балағаттағаны үшін 12 адам тұтқындалды

0
1 119

Түркия президентін балағаттағаны үшін 12 адам тұтқындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Президентті балағаттағаны үшін 12 адам тұтқындалды

Түркия президентін балағаттағаны үшін 12 адам тұтқындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркияның Измир қаласында 12 адам ел президенті Реджеп Тайип Эрдоғанға қатысты балағат сөз айтқаны үшін тұтқындалды. Олар Президент сайлауындағы Эрдоғанның басты қарсыласы Мухаррем Индженің сайлауалды жиынында ел басшысын балағаттаған. Мәліметтер бойынша, ұсталғандар жиын алдында алкоголь қабылдаған. Оларды жоғары лауазымды адамдарды балағаттағаны үшін айыпты деп танып отыр. Турция заңына cәйкес, Президентті балағаттағандарға айыппұл төлеу немесе 1-4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Оппозиция билікті бұл заңды Эрдоғанның саясатымен келіспегендерді репрессиялау үшін қолданады деп айыптайды. Естеріңізге салсақ, 24 маусым күні Турция Республикасында президент сайлауы өткен еді. Реджеп Тайип Эрдоған 52,6 пайыз дауыспен жеңіске жетті. Ал, оның басты қарсыласы Мухаррем Инджені дауыс берушілердің 30,6 пайызы қолдаған.