Прокурор өз қызын педофилге қарсы жемтік ретінде пайдаланған

0
799

Қылмыскерді құрықтау үшін қауіпті әрекетке барған қыздың әкесі полиция қызметкерлері тарапынан қатты сынға ұшырады.


Прокурор өз қызын педофилге қарсы жемтік ретінде пайдаланған

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Калифорния штатында жұмыс істейтін прокурор өзінің 13 жасар қызын қылмыскерге тұзақ құру мақсатында пайдаланған, деп жазады Stan.kz.

Қазан айының басында жеткіншек қыз итімен қыдырып жүрген кезінде спорттық киім киген бейтаныс ер азаматтың тиіскендігі туралы айтқан. Тамыз айыннан бастап әлгі ер адам қызға келіп, оның бөксесі мен кеудесін сипалапты. Қыздың сөзінен кейін полиция қызметкерлері дереу оқиға бойынша іс қозғап, тексерісті бастап кеткен.

Бір айдан кейін қыздың әкесі қыз айтқан жерден әлгі адамды кезіктіріп, оны суретке түсіріп алады. Артынша бұл суретті қызына көрсеткен: жеткіншек ер азаматты бірден таныпты. Ол адамды қыздың анасы да байқап қалып, оны үйіне дейін аңдып, күдіктінің мекен-жайын тәртіп сақшыларына хабарлаған.

Алайда қыздың әкесі күдіктіні қылмыс үстінде ұстауды жөн көріпті. Мұны іскеу асыру үшін ол қызын бейтаныс адамды оқиға үстінде құрықтау мақсатында жемтік ретінде пайдаланған. Әкесі қызын ер азаматты кезіктірген саябаққа әдейі бірнеше рет ертіп алып барған.

Бір күні қыз саябақта отырған кезде күдікті оның жанына келіп, қызды құшақтап, оның ернінен сүйіп алмақшы болған. Мұны байқап қалған әкесі қызына көмектесудің орнына ер адамның іс-әрекетін видеоға түсіріп алыпты. Артынша бейнежазбаны полиция қызметкерлеріне табыстапты.

Ертесі күні 76 жастағы ер азамат құқық қорғаушылардың қолына түседі. Сот қызға тиіскені үшін қарияны 14 жыл бас бостандығынан айырған.

Дегенмен қылмыскерді құрықтау үшін қауіпті әрекетке барған қыздың әкесі полиция қызметкерлері тарапынан қатты сынға ұшырады.