Психиатр кәмілетке толмаған пациентін зорлады

0
1 484

Жергілікті тұрғын науқас қызын дәрігердің қарауына әкеліп, оларды оңаша қалдырған.


Психиатр кәмілетке толмаған пациентін зорлады

ERNUR.KZ. Башқұртстанда психиатр кәмілетке толмаған науқасты зорлап тастады, деп жазады sn.kz.

Аталған іс бойынша сот 54 жастағы психиатрды кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығын айырды.

Айта кетейік, оқиға 2016 жылы болған. Жергілікті тұрғын науқас қызын дәрігердің қарауына әкеліп, оларды оңаша қалдырыпты. Сол сәтті пайдаланған психиатр 16 жастағы жасөспірім қызды зорлаған.
Өзінің қылмысын жасыру үшін дәрігер қыздың анасына оның психикасы бұзылғанын, кейде жалған әңгімелерді ойдан шығаратынынын айтқан.

Алайда, сот-медициналық сараптама жасөспірімнің шынымен де зорланғанын анықтады.