Путин Байденді неге құттықтамады

0
558

​Бізге біреу ұнайды немесе ұнамайды деген сөз емес. Бізпартияішілік қарсылықтың аяқталуын күтіп отырмыз, деді ол.


Путин Байденді неге құттықтамады

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенттігіне сайланған Джо Байденді неге құттықтамағанын түсіндірді, деп жазады sputniknews.kz.

Ресейдің мемлекет басшысы АҚШ-тағы партияішілік қарсылықтың аяқталуын күтіп отырғанын айтты.

"Құттықтамаудың ешқандай астары жоқ. Бізге біреу ұнайды немесе ұнамайды деген сөз емес. Бізпартияішілік қарсылықтың аяқталуын күтіп отырмыз", - деді Путин "Россия 1" телеарнасына.

Оның айтуынша, ресейлік тарап Трампқа да, Байденге де сыйластықпен қарайды.


"Қалыптасқан тәжірибеге және заңгерлік жайттарға сай барлық формалды жайттар ескерілуі тиіс. Алдағы уақытта Ресей мен АҚШ байланысына нұқсан келтіретін ешбір себебі жоқ", — деді Путин.


АҚШ-тағы сайлау

8 қараша да АҚШ президенті сайлауы өтті. Дауыс санау қорытындысы бойынша Джо Байден жеңіске жетті. Алайда Дональд Трамп сотқа шағымдануда.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Джо Байденді құттықтады.

Нақты қорытындысы желтоқсан айында белгілі болады. Инаугурация 2021 жылдың қаңтарында өтеді.