Путин әлемдегі ең беделді адамның титулынан айырылып қалды

0
1 171

​Forbes журналы жариялаған әлемдегі ең беделді адамдардың рейтингінде Путин өз титулынан айырылып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Путин әлемдегі ең беделді адамның титулынан айырылып қалды

Forbes журналы жариялаған әлемдегі ең беделді адамдардың рейтингінде Путин өз титулынан айырылып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жолы рейтингте Қытай президенті Си Цзиньпин көщ бастады. Журналдың мәліметінше, Ресей президенті Владимир Путин соңғы бес жылда алғаш рет рейтингте төмен орынға түсіп қалды.

Жарияланған рейтингте Путин екінші орында тұр, ал АҚШ президенті Дональд Трамп үшінші орынға түсіп кеткен. Ондықтағы ең беделді адамдарға тоқталатын болсақ, тізімде Германия канцлері Ангела Меркель, Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос, Рим папасы Франциск, Microsoft негізін қалаған Билл Гейтс, Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Сальман, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен Google негізін қалаған Ларри Пейдж бар.