Путин төрт елдің ардагерлеріне жарты миллион теңге тарату туралы жарлыққа қол қойды

0
727

Барлық шығынды, оның ішінде ақша жеткізу құнын да үкімет қамтамасыз етеді.


Путин төрт елдің ардагерлеріне жарты миллион теңге тарату туралы жарлыққа қол қойды

ERNUR.KZ. Владимир Путин Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай берілетін төлем туралы жарлыққа қол қойды. Тиісті құжаттар Кремль сайтында жарияланды, деп жазады Тengrinews.kz.

Сәуір-мамыр айларында Ресей, Латвия, Литва және Эстонияда тұрақты тұратын ардагерлерге 75 мың рубльден беріледі. Олардың қатарына:

- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлері;
- Фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, гетто және басқа да ұстау орындарының бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындары;
- Финляндиямен соғыс, Ұлы Отан соғысы, Жапониямен соғыс кезеңінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің жесір қалған жақыны;
- Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің және қатысушыларының жесірлері кіреді.

Сонымен қатар, нацистік концлагерлердің, түрмелер мен геттоның бұрынғы тұтқындары 50 мың рубльден алатыны хабарланды.

Барлық шығынды, оның ішінде ақша жеткізу құнын да үкімет қамтамасыз етеді.