Путинді сотқа берген экс-шенеунік коронавирустан қайтыс болды

0
654

Дәрігерлер оған екіжақты пневмония диагнозын қойған.


Путинді сотқа берген экс-шенеунік коронавирустан қайтыс болды

ERNUR.KZ. Чувашияның экс-басшысы Михаил Игнатьев ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости. Ол Путинді сотқа берумен танымал болған еді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Мамыр айының соңында Игнатьев Санкт-Петербургтегі ауруханалардың біріне жатқызылған. Дәрігерлер оған екіжақты өкпе қабынуы диагнозын қойып, жасанды тыныстандыру аппаратына қосқан. Экс-шенеунік ес жимастан көз жұмды.

Mash Telegram-каналында жазылғандай, Игнатьев коронавирус жұқтырып алған. Алайда, бұл ақпарат әлі ресми расталған жоқ.

Михаил Игнатьев Чувашия басшысы болып тұрған сәтінде билікті сынайтын тәуелсіз БАҚ пен блогерлерге қарсы «соғыс ашамын» деп басы дауға қалған. Ол сондай-ақ, биыл қаңтарда құтқарушыларға пәтер кілтін табыстау рәсімі кезінде аласа бойлы құтқарушыға биікте тұрған кілтті секіріп алуды бұйырып, қоғамның ашуын туғызған болатын.

29 қаңтарда Владимир Путин Игнатьевті қызметінен босатты. Мұнымен келіспеген экс-басшы Ресей президентін сотқа берген еді.