​Редакцияға жасалған шабуылдан бес адам қаза тапты

0
1 119

АҚШ-та Capital Gazette редакциясына жасалған шабуыл кезінде бес адам қаза тапты.


​Редакцияға жасалған шабуылдан бес адам қаза тапты

ERNUR.KZ.АҚШ-тың (Мэриленд штаты) Аннаполис қаласындағы көне басылымдардың бірі - Capital Gazette бас кеңсесінде болған атыста бес адам қаза тапты, деп жазады CNN агенттігі. Бұл туралы inform.kz сайтына сілтеме жасап ERNUR.KZ хабарлайды.

Округтік полиция басшысының міндетін атқарушы Анн-Арандел Билл Крампфт жергілікті журналистерге берген баспасөз мәслихатында осылай мәлімдеме жасады.

«Бес адам қаза тапқаны бізге мәлім болды. Сондай-ақ бірнеше адам ауыр жарақат алды», - деді ол.

Шабуыл жасалған газет қызметкерлерінің бірі Туиттерде қаскөйдің әйнек есіктен оқ жаудырғанын жазды.

«Ол біздің редакциядағы бірнеше адамды мерт етті. Көп нәрсе жазғым келмейді, бірақ бұл бізге өте ауыр соққы болды. Ең қиыны адамдарға оқ жаудырып жатқанын үстел астында жасырынып отырып есту еді. Тіпті ол қаруын қайта оқтап жатқаны да анық естіліп тұрды», - деп жазды журналист.

«Біздегі мәлімет бойынша, бес адам қаза тапты, тағы бірнешеуі ауыр жарақат алды. Оқ атқан адам ұсталып, қамалды. Одан жауап алынды», - деді Жергілікті полиция басқармасының басшысы Стивен Шу.

Оның айтуынша, шабуыл жасалған жерде жарылғышқа ұқсас зат табылған. Стивен Шудың түсіндіруінше, бұл заттың қандай құрылғы екендігіне қатысты нақты мәлімет жоқ. Ол мұның тез тұтанатын сұйықтық құйылған ыдыс болуы мүмкін екендігін атап өтті, тіпті бензин болуы да мүмкін.