"Ресей әскерилері кінәлі": Сирияда әуе соққысынан 26 бейбіт тұрғын көз жұмды

0
605

Қаза тапқандардың ішінде 13 бала бар.


ERNUR.KZ. Сирияның солтүстік-шығысында үкімет және Ресей ұшақтарының бомбалауынан 26 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың ішінде 13 бала бар. Мәліметке қарағанда, әскерилер Кфар Таал мекенін нысанаға алған. Бірақ әуе соққысынан қарулы топтар емес бейбіт тұрғындар көз жұмған. Сириядағы адам құқықтарын бақылау ұйымы тұрғындардың қаза табуына ең алдымен Ресей әскерилері кінәлі дегенді айтады. Алайда Дамаск бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.