Ресей астанасының орталығында болған өрттен 6 адам қаза тапты

0
452

Ғимаратта жиһаз дүкені мен гүл қоймасы орналасқан.


Ресей астанасының орталығында болған өрттен 6 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Құтқарушылар өрт Комсомольская алаңы, 1А үй, 18 ғимарат мекенжайындағы екі қабатты кірпіш қоймасында тұтанғанын айтты. Ғимаратта жиһаз дүкені мен гүл қоймасы орналасқан, деп жазады inbusiness.kz.

Жалын 2,5 мың шаршы метрді шарпып, жанып жатқан ғимараттан 7 адам эвакуацияланды. Тілсіз жау салдарынан бірінші және екінші қабаттың арасындағы қабырғалар құлаған. ТЖМ хабарлауынша, өртті сөндіруге 80 адам, 20 бірлік техника, 3 тікұшақ пен өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Ресей темір жолдары жолаушылар мен пойыздардың қозғалысына қауіп жоқ деп хабарлады. Мәскеу көлік департаменті өрттің жол қозғалысына әсер етпейтінін айтты.