Ресей ауруханалары рекордтық көрсеткішпен толып жатыр

0
376

Елде ковид, ЖРВИ, ауыр тұмау жағдайлары күрт өскен.


Ресей ауруханалары рекордтық көрсеткішпен толып жатыр

ERNUR.KZ. Сәрсенбіде Мәскеу мэрі Сергей Собянин қалада балаларды ауруханаға жатқызудың рекордтық көрсеткіші байқалғанын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Жыл басында бізде «омикронға» байланысты емханаға жүгінген науқастар саны тәулігіне 40-45 мың адамды құрады. Биылғы күздегі ковид, ЖРВИ, ауыр тұмауды ескере отырып, бізде тәулігіне келушілер саны 60 мыңға жетті. Біз тіпті, амбулаториялық денсаулық сақтау жүйесіне жүктеме тұрғысынан алдыңғы пандемия кезеңдерінің ең жоғары шегінен өттік», - дейді Сергей Собянин.

Оның айтуынша, тұмау ауруханаға жүгінген науқастардың 70%-ын құрайды, яғни А (H1N1) 2009 штамы «шошқа тұмауы» деп аталады. Ол елде көптен бері болмағандықтан, адамдардың оған қарсы тұруға иммунитеті жоқ. Бұл жағдайды едәуір қиындатып отыр.

Ал коронавирус жағдайына келер болсақ, Ресейде эпидемиологтар жағдайдың салыстырмалы түрде тыныш екенін айтады.

«Ресейде күн сайын 6-7 мың жаңа жағдай тіркеледі. Сонымен қатар, маусымдық коронавирустар тарихи қысқы вирустар болып саналады. Сондықтан COVID-19 өзін тағы да еске түсіріп отыр. Десе де, менің ойымша, кез келген жағдайда қазір аурудың айтарлықтай өсімі болмайды», - деді Роспотребнадзор эпидемиологиясы ЦНИИ директорының клиникалық-аналитикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Наталья Пшеничная.