Ресей ғарышқа әскери спутник ұшырды

0
485

​Ресей Архангельск облысындағы Плесецк ғарыш айлағынан ғарыш құрылғысы бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы ұшырылды.


Ресей ғарышқа әскери спутник ұшырды

ERNUR.KZ. Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, Әуе-ғарыш күшінің зымыраны сәтті ұшырылған, деп жазады Экспресс К.

"Ғарыш аппараты орбитаға штаттық режимде шығарылды. Қазіргі таңда ол жерден басқарылып отыр. Ғарыш аппаратына "Космос-2553" реттік нөмірі берілді. "Космос-2553" технологиялық ғарыш аппараты радиация мен ауыр бөлшектердің ықпал ету жағдайында қажетті борттық құрал-саймандармен және жүйемен жабдықталған", - деп жазылған Роскосмос таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 15 ақпанында Байқоңырдан осы жылдың алғашқы зымыраны ұшырылмақ.