Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізуді бастады

0
648

Бұл - бірінші сатыдағы сынақ. Ал вакцинаны мақұлдау үшін 12 ай қажет болады екен.


Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізуді бастады

ERNUR.KZ. Ресейдің тұтынушылар құқығын қорғау саласын қадағалау федеральдық қызметі (Роспотребнадзор) жаңа коронавирусқа қарсы екпені сынақтан өткізіп жатыр, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жазды.

"Ресейде COVID-19 індетінің алдын алу және бақылау үшін Роспотребнадзордың "Вектор" ДБ МҒО-да ең қысқа мерзімде алты түрлі технологиялық платформаларға негізделген вакцина прототиптері әзірленді", - делінген хабарламада.

Ведомствода мамандар тұмаудың кең қолданылатын рекомбинантты вирустық векторлары негізінде вакцина жасай алатынын нақтылады.

"Қазіргі заманғы биологияда жаңа вакциналар жасағанда, сезімтал зертханалық жануарларға in vivo зерттеулерін жүргізу керек", - деп түсіндірді Роспотребнадзор.

Ведомствоның хабарлауынша, сынақ вакцинаның ең тиімді дозасын, еселігін және қолдану тәсілін анықтауға арналған.

Сонымен қатар, АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасының бастығы Стивен Хан коронавирусқа қарсы вакцинаны тестілеу мерзімін атады.

"Бұл бірінші сатыдағы сынақ, вакцинаны мақұлдау үшін 12 ай қажет болады", - деді Хан.