Ресейде аңшы мемлекеттік қызметкерді қабанмен шатастырып, атып өлтірді

0
966

Марқұм жерді қорғау бойынша федералды қызмет инспекторы болған.


Ресейде аңшы мемлекеттік қызметкерді қабанмен шатастырып, атып өлтірді

ERNUR.KZ. Башқұртстанда ер адам аңға бірген шыққан жолдасын қабанмен шатастырып алып, байқаусызда атып өлтірді kaz.nur.kz.

Оқиға Сюрень қыстағынан 22 шақырым жерде орын алды. 37 жастағы ер адам аңға бірге шыққан жолдасына, 62 жастағы мемлекеттік тіркеу, кадастр және картография федералды қызметінің инспекторына байқаусызда мылтықпен оқ атқан. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

"Ер адамдар аң аулау үшін орманға келіп, бөлініп кеткен. Бір уақытта 37 жастағы аңшы бұтақтар арасынан бірдеңенің қозғалған даусын естіген. Шамасы, аң деп ойлап қалса керек, бірден оқ атқан", – деп мәлімдеді "Башинформ" агенттігіне құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

РЕН ТВ ақпараты бойынша, марқұм жерді қорғау бойынша федералды қызмет инспекторы болған. Ал екінші аңшы еш жерде жұмыс істемеген.

Тергеушілер оқиға орнын тексеріп шықты. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Оқ атқан ер адам ұсталды. Ол РФ ҚК-ның 109 бабы бойынша (абайсызда кісі өлтіру) екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.