Ресейде бірнеше жарылыс болды – видео

0
1 189

Жарылыс салдарынан жиырмаға жуық адам зардап шекті, үш шақырым радиустағы ғимараттар бүлінді


Ресейде бірнеше жарылыс болды – видео

ERNUR.KZ. Ресейдің Дзержинск қаласында тротил өндіретін цехта бірнеше жарылыс болып, 16 адам зардап шекті, деп жазады sputniknews.kz.


Жарылыс "Кристалл" зауытының цехында болған. Екі адам із-түссіз жоғалғаны хабарланды.

Зауыттағы жарылыстардан кейін өрт басталып, көрші ғимаратты да шарпыды.


Жойқын жарылыс толқынынан жергілікті мектептің әйнектері сынып, вокзал ғимаратының сырты бүлінді. Сондай-ақ, жақын маңдағы тұрғын үйлерге де зиян келді, деп хабарлайды "Звезда" телеарнасы.

Дауыс зорайтқыш арқылы қала тұрғындарына хабар берілді.


Қаланы көк түтін басты. Тұрғындар аспанды торлаған бұлт улы болуы мүмкін деп қорқып отыр.