Ресейде індетпен күрестен күйзелгендер жылқы терапиясымен емделіп жүр

0
1 115

Ресейде жылқы терапиясы бағдарламасы іске қосылды. Ол ковид-науқастарға күтім көрсеткен медицина қызметкерлері мен волонтерлерге арналған.


Ресейде індетпен күрестен күйзелгендер жылқы терапиясымен емделіп жүр

ERNUR.KZ. Коронавирус қыспаққа алғалы бері адамдардың күйзеліске түсіп қалатын кездері жиіледі, деп хабарлайды Хабар24.

Қазір бүкіл әлемде медицина қызметкерлерінің жұмысы қауырт екені де түсінікті. Ауруханада коронавирус жұқтырған науқастар әлі де көп. Үйде емделіп жатқандар да жетерлік. Көбіне дәрігерлер көмектессе, кей сәттерде еріктілер де жәрдемдесіп жүр. Олар өз жұмыстарының қиын екенін айтып, жүйке тозып, қатты шаршадық дейді. Осы ретте Ресейде жылқы терапиясы бағдарламасы іске қосылды. Ол ковид-науқастарға күтім көрсеткен медицина қызметкерлері мен волонтерлерге арналған. Бағдарламаға сай атқа міну тегін. Әзірше 100-ге жуық адам ниет білдірген. Атпен серуендегендер жылқы терапиясының күйзелістен арылуға көп көмегі тигенін айтады.


«Бағдарламаға қатысып жатқан волонтерлер коронавирус жұқтырған қарт кісілерге және өзін-өзі оқшаулауға мәжбүр болған тұрғындарға көмек көрсеткен. Әрине бұл адамның эмоционалдық жағдайына әсер етпей қоймайды. Сондықтан волонтерлер мен медицина қызметкерлеріне арнап осындай бағдарламаны қолға алдық. Жылқы терапиясынан кейін қатысушыларымыз көңіл-күйінің жақсарғанын айтады», - дейді психолог Ольга Кривозубова.