Ресейде қазақстандық жігіт 20 метрлік мұнараға шығып, Путинмен байланысқа шығуды талап еткен

0
644

Ол біреулер жақындаса, суицид жасаймын деп қорқытқан.


Ресейде қазақстандық жігіт 20 метрлік мұнараға шығып, Путинмен байланысқа шығуды талап еткен

ERNUR.KZ. 29 жастағы қазақстандық Ресейдің Иркутск облысындағы Усть-Кут станциясында пойыз басшысымен сөзге келіп қалған соң 20 метрлік мұнараға шығып, Путинмен байланыстыруды талап еткен, деп жазады Тengrinews.kz.

Уст-Куть24 басылымының мәліметінше, басшылық өкілдері оны мұнай өндірумен айналысатын компанияға жұмысқа алмай қойған. Нәтижесінде ер адам ішімдік ішіп, Қазақстанға оралатынын айтқан. Бірақ пойыз басшылығының өкілдері оны мұндай күйде үйге кетуге болмайтынын жеткізеді.

Осылайша, ол пойыздың тоқтауына бірнеше уақыт қалғанда мұнараға шығып алып, оған біреулер жақындаса, суицид жасаймын деп қорқытқан. Бірақ, қуанышқа орай, көлік полициясының басшылығы қазақстандықтың анасымен байланысқа шығып, ер адамды көндіру мүмкін болды.

Кейінірек, басылымның мәліметінше, ер адам ірі мөлшерде айыппұл төлеген. Сондай-ақ, оған енді Ресейге кіруге тыйым салынуы мүмкін екені айтылады.