Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 2 миллионнан асты

0
464

Бір тәулікте коронавирустан 463 адам қайтыс болды.


Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 2 миллионнан асты

ERNUR.KZ. Ресейде бір тәулікте 23 610 адам коронавирус жұқтырды. Бұл - пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Коронавирусқа қарсы күрес жедел штабының бейсенбі күні журналистерге жасаған мәлімдемесіне сенсек, жалпы инфекцияға шалдыққандар саны 2 015 608 адамға жетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Штаб дерегі бойынша, өсім 1,2%-ды құрады.

Оның ішінде Мәскеуде бір тәулік ішінде 6 438 тұрғын (бір күн бұрын 4 174 еді) коронавирусқа шалдыққан. Жалпы астанада 533 068 адам вирус жұқтырды.

Қазіргі уақытта ем алып жатқан науқастар саны Ресейде үшінші күн қатарынан азайып жатыр. Қазір елде 454 102 адам немесе вирус жұқтырғандардың 22,5%-ы сырқаттанып жатыр.

Коронавирустан айығып, ауруханадан шығарылған тұрғындар саны тәулігіне 25 573-ке көбейді, бұл да - пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Жалпы 1 526 656 адам сауығып шыққан.

Екі күнде жазылып шыққандар саны жаңадан вирус жұқтырғандар санынан көп. Штаб мәліметі бойынша, жазылғандар жалпы инфекцияға шалдыққандардың 75,7%-ын құрайды.

Ресейде бір тәулікте коронавирустан 463 адам қайтыс болды. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 456 болған.

Жалпы 34 850 адам инфекция жұқтырып, өмірден өтті.

Өлімнің шартты көрсеткіші штаб мәліметі бойынша, 1,73% шамасында қалды (нақты сан эпидемия біткеннен кейін ғана белгілі болады).