Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық сынақтан өткізілді

0
693

Сынаққа ерікті түрде қатысқандар 15 және 20 шілдеде шығарылады.


Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық сынақтан өткізілді

ERNUR.KZ. Ресейдің Сеченов университетінде коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық сынақтан өткізілді. Зерттеу нәтижесі екпенің қауіпсіз екенін көрсетті. Бұл туралы ТАСС-қа жексенбі күні Университеттің дәрілерді клиникалық зерттеу орталығының басшысы, бас зерттеуші Елена Смолярчук мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Зерттеу аяқталды, ол вакцинаның қауіпсіз екенін көрсетіп отыр. Сынаққа ерікті түрде қатысқандар 15 және 20 шілдеде шығарылады», - деді ол.

«Олар университет зертханасынан шығарылғаннан кейін амбулаторлық бақылауда болады», деді Смолярчук.

Сеченов университетінде вакцинаның алғашқы сынақ кезеңі 18 маусымда басталды. Ол кезде 18 еріктіге екпе егілді. 20 адамнан құралған еріктілердің екінші тобына 23 маусымда вакцина салынған еді.