Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды

0
597

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны тек қана 18 жастан асқан адамдар ғана сынақтан өткізуде. Олардың қатарында балалар жоқ.


Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды

ERNUR.KZ. Ресейде COVID-19 инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның барлық сынақтардан өткенін мәлімдеген, деп жазады Stan.kz.

Әуелі вакцина дәрігерлер мен денсаулығына қауіп төніп тұрған адамдарға салынатын болады.

Ресейдің Гамалея электрохимия және өндіріс ғылыми-зерттеу орталығы COVID-19 инфекциясына қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеген.

Вакцинаны сынақтан өткізу барысында препаратты еккен адамдардың ешқайсысында жанама әсер байқалмаға. Сынаққа қатысқандардың барлығының денсаулығы жақсы. Сонымен қатар, вакцинаны салдырғанардың бойындағы вирусқа қарсы антиденелер саны 1,4-1,5 есе өскен.

Оған қоса, Ресейде балаларға арналған коронавирусқа қарсы вакцинаның жеңіл түрі жасалып жатыр.

"Балалардың салмаға үлкендерге қарағанда аз. Сол себепті балаларға салынатын вакцинаның дозасы аз болуы керек. Сонымен қатар, балалардың иммундық жүйесі үлкендердікі секілді дамып үлгермеген. Қалай болғанда да барлық вакцинаның балаларға және ересектерге арналған түрі болуы қажет", - деп түсіндірді Гамели ғылыми зерттеу орталығының профессоры Александр Бутенко.

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны тек қана 18 жастан асқан адамдар ғана сынақтан өткізуде. Олардың қатарында балалар жоқ.