Ресейде коронавирустың "ұлыбританиялық" штамы анықталды

0
2 178

Бұған дейін "ұлыбританиялық" штамм Грузияда анықталғаны белгілі болды.


Ресейде коронавирустың

ERNUR.KZ. Ресейде коронавирустың мутацияланған "ұлыбританиялық" штамын жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді, деп жазады tengrinews.kz.

Ресей тұтынушылар құқығын қадағалау комитетінің басшысы Анна Попова Ресейде коронавирустың "британиялық" штамы тіркелгенін мәлімдеді. Ол Ұлыбританиядан келген ресейліктен анықталған.

Бұған дейін "ұлыбританиялық" штамм Грузияда анықталғаны белгілі болды. Ауырып қалған жергілікті тұрғын Ұлыбританияға бармағанын айтқан болатын.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, қазірдің өзінде 41 елде коронавирустың "ұлыбританиялық" штамы анықталған. Ал ОАР-да анықталған мутация алты елде тіркелді.