Ресейде кран құлап, танымал блогер көз жұмды

0
532

​Кабина 32 жастағы әйелмен бірге 12 метрлік биіктіктен құлады.


Ресейде кран құлап, танымал блогер көз жұмды

ERNUR.KZ. Ресейдің Түмен қаласында жүк тиеу кезінде қатты жел салдарынан кран құлап, Эльвира есімді танымал TikTok блогер қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.

Кабина 32 жастағы әйелмен бірге 12 метрлік биіктіктен құлады. Тергеушілер "абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс немесе басқа жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
БАҚ мәліметі бойынша, қайтыс болған әйел краншы болып жұмыс істеген. Ол TikTok-та өзінің жұмысын көрсетіп, видео түсіріп танымал болған. Блогердің екі баласы қалды.