Ресейде құлаған ұшақтағылардың барлығы мерт болды

0
571

Апатқа ұшыраған ұшақ транзиттік рейспен азық-түлік тасымалдаған.


Ресейде құлаған ұшақтағылардың барлығы мерт болды

ERNUR.KZ. Якутск-Иркутск бағытына қатынайтын Ан-12 ұшағы қону кезінде апатқа ұшырады, деп жазады Zakon.kz.

ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлағандай, ұшақтың құлаған орыны анықталды.

Бұл әуежайға жақын Пивовариха ауылының маңы. Қону кезінде ұшақ екінші мәрте айналып келуге кетіп, радардан жоғалған, - деді агенттік сұхбатшысы.

Ұшақ Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 17:50-де Иркутсктен жеті шақырым жерге қону үшін жақындаған кезде радардан жоғалып кетті. Экипаж айналып келу қажеттілігі туралы хабарлады, содан кейін байланыс үзілді.

Ұшақ Беларусьтің "Гродно" әуе компаниясына тиесілі.

Соңғы мәлімет бойынша, апатқа ұшыраған ұшақ транзиттік рейспен азық-түлік тасымалдаған.

Төтенше жағдайдың ықтимал себептері ауа-райы жағдайлары немесе техникалық ақаулар болып саналады.

Борттағы адамдардың барлығы, алдын ала мәлімет бойынша, сегіз адам қаза тапты. Олар - Беларусь, Ресей және Украина азаматтары. Марқұмдардың бесеуінің денесі табылды. Апат болған жерден 300 шаршы метр аумақ өртке оранып, қазір ол сөндірілді.

Апат орнындағы жұмысқа 110-нан астам адам мен 60-қа жуық техника жұмылдырылған.