Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталды

0
787

Бұл ауру Еуропа сапарынан оралып, медициналық мекемеге жүгінген жас жігіттен анықталған.


Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталды

ERNUR.KZ. Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды. Бұл туралы Роспотребнадзор мәлім етті, - деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, бұл ауру Еуропа сапарынан оралып, медициналық мекемеге жүгінген жас жігіттен анықталған.

"Науқастан алынған биоматериалдар шұғыл түрде Роспотребнадзордың тиісті сараптама жүргізуге уәкілетті мекемесіне жіберілді. Биоматериалдарды зерттеу нәтижесі бойынша маймыл шешегі инфекциясы расталды.
Науқас оқшауланған және инфекциялық профильді медицина ұйымында жатыр. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада.

Науқас Ресейге келген соң, шектеулі адамдар тобымен байланыста болғаны атап өтілді.

Маймыл шешегі - вирустық ауру, оның белгілері табиғи шешекпен ауыратын науқастарда байқалған белгілерге ұқсас.

Айта кетейік, маймыл шешегі байланыс және тамшылар арқылы дем шығарғанда берілуі мүмкін. Шешек жұқтырған маймылдардың көпшілігі бірнеше апта ішінде жазылады, бірақ ауру кезеңі 5-тен 21 күнге дейін өзгеруі мүмкін.