Ресейде шетелдіктерге суррогат ана болуға тыйым салынды

0
558

Заң ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


Ресейде шетелдіктерге суррогат ана болуға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Мемлекеттік Дума бейсенбіде өткен пленарлық отырыста шетелдіктерге ресейлік суррогат аналардың қызметіне тыйым салу туралы заң жобасын екінші және үшінші оқылымында қабылдады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Құжатты төменгі палатаға өткен жылдың желтоқсанында депутаттар мен сенаторлар тобы енгізді, оны бірінші оқылымда мамыр айында қабылдады.
Мәтінде суррогат аналардың қызметтерін тек Ресей Федерациясының азаматтары–- некеде тұрған немесе медициналық себептермен балалы бола алмайтын жалғызбасты әйелдер ғана пайдалана алады делінген.
Заңның мақсаты – шетелдік азаматтарға суррогат ана болуға тыйым салу.
«Біз балаларды қайда апаратынын нақты білмейміз. Олар – біздің балалар. Оларды органдарға, біржынысты отбасыларға пайдалану үшін экспорттауы мүмкін», - дейді Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володин.
Володиннің айтуынша, соңғы бірнеше жылда суррогат аналардан туған 45000 нәресте шетелге әкетілген. Ол «үлкен заңсыз бизнес» саналатын суррогат ана болу айналымы 2 миллиард еуродан асуы мүмкін екенін айтады.
Аталған заңның қабылдануына 2020 жылдың қаңтар айындағы оқиғалар түрткі болды. Ол кезде Мәскеудегі пәтерде бірнеше сәби табылған болатын, олардың бірі қайтыс болды. Болған оқиға бойынша адам саудасы туралы қылмыстық іс қозғлады, кейіннен ол бойынша репродуктивті клиникалардың сегіз қызметкері ұсталды.