Ресейде Украинаға көмектескен елдерді "террористік мемлекеттер" деп танитын заң әзірленді

0
518

Заң жобасын «Справедливая Россия - За правду» фракциясы әзірлеген.


Ресейде Украинаға көмектескен елдерді

Ресей мемлекеттік думасы Украинаны «террористік мемлекет» деп тану жөніндегі заң жобасын талқыламақ, деп жазады Ulysmedia.kz.

Заң жобасын «Справедливая Россия - За правду» фракциясы әзірлеген.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, құжатта «терроризмге демеушілік еткен» елдерді де «террористік» деп тану жөнінде бап бар. Нақтырақ айтқанда, Украинаға әскери көмек көрсеткен елдер де лаңкестер қатарына жатқызылмақ. Ресей Үкіметіне олардың тізімін жасау жүктеліпті.

Бұдан бөлек, жаң жобасында «елді мекендерге жарылыс жасап, адам өміріне қауіп төндірген», «заңсыз қарулы қылмыстық топ құрған», «Ресейдің территориялық тұтастығын бұзған немесе соған үндеген» мемлекеттер «террористік» деп тану көзделген.

«Террористік» деп танылған елдермен Ресей барлық дипломатиялық қарым-қатынасты үзбекші.