​Ресейде жүк көлігінен қазақстандықтың денесі табылды

0
1 183

Өлім себебін анықтау үшін мәйітті сот-медициналық сараптамаға жіберді.


​Ресейде жүк көлігінен қазақстандықтың денесі табылды

ERNUR.KZ. Санкт-Петербург полициясы қазақстандық жүргізуші қазасының мән-жайын анықтап жатыр. Ол жүк көлігі кабинасында асылған күйінде табылған, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиға 9 желтоқсанда Фрунзе ауданында болды. Жүргізушінің денесі Mercedes-Benz Actros көлігінің төбесіндегі люкке байланған күртенің бауына асылулы тұрған.
Басылым хабарлағандай, 4 желтоқсанда ер адам Қазақстаннан Санкт-Петербургке пияз тасымалдапты.

Қазіргі уақытта тергеуге дейінгі шаралар жүргізіліп жатыр. Өлім себебін анықтау үшін мәйітті сот-медициналық сараптамаға жіберді.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның Санкт-Петербургтегі бас консулдығы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр деп хабарлады.

"Әуелі бұл адамның ресми азаматтығын анықтау керек. Азаматтығы расталған жағдайда біздің консулдар оның туыстарына тез арада қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетеді. Әзірше біз ақпаратты тексеріп жатырмыз", — деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.