Ресейдің атақты әншісі комада жатыр

0
892

Әншіде екіжақты пневмония анықталған.


Ресейдің атақты әншісі комада жатыр

ERNUR.KZ. Ресейлік әнші Надежда Бабкина комада жатыр, ол қазір тыныс алдыру аппаратына қосылды, деп жазады tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, әншіде екіжақты пневмония анықталған. Ал коронавирусқа тапсырған сараптамасы теріс нәтиже көрсеткен.

Қазіргі уақытта әншінің жағдайы ауыр екенін айтылады.

Еске салайық, Надежда Бабкинаның денсаулығы 1 сәуірде нашарлаған болатын. Дәрігерлер оған пневмония диагнозын қойған еді. Жергілікті БАҚ әншінің ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған еді.