Ресейдің халық әртісі Лев Лещенко коронавирус жұқтырды

0
640

Әнші ауруханаға ауыр хәлде түскендіктен, ол бірден реанимацияға жатқызылған.


Ресейдің халық әртісі Лев Лещенко коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Ресейдің халық әртісі Лев Лещенко коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Мәскеудің Коммунарка елді мекеніндегі аурухананың бас дәрігері Денис Проценко мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

"Лев Валерьянович біздің ауруханаға пневмонияның клиникалық-рентгенологиялық белгілерімен түсті. Қосымша тексеруден кейін пневмонияның коронавирустық этиологиясы расталды", – деді Проценко.

Дәрігер алғашқы тәулікте әншінің жағдайы нашарлағанын айтады.

"Осыған байланысты біз реанимация бөлімінде емдеуді жалғастырдық. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы тұрақты, оған қосымша оттегі қажет емес", – деді Проценко.

Бұған дейін Лев Лещенко өзін жайсыз сезінгендіктен, дәрігер достарының кеңесі бойынша әйелімен бірге Коммунаркадағы ауруханаға келіп тексерілгені хабарланған еді.

Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко науқастың жоғары оттегіге қажеттілігі жоқ екенін, әншінің қазіргі жағдайы оның сауығып кетуіне үміт беретінін айтты.

Қазіргі уақытта Ресейде 840 адам коронавирус жұқтырып, 38 адам сауығып шыққан.