Ресейлік блогер қызды өлтірген күдікті ұсталды

0
1 142

Қыздың өліміне бұрындары сотты болған 1986 жылғы жігіт күдікке ілінген.


Ресейлік блогер қызды өлтірген күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Ресейлік блогерді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Қыздың денесі Мәскеудегі пәтерлердің бірінде шабаданның ішінен табылған болатын, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство өкілі Юли Иванованың айтуынша, қыздың өліміне бұрындары сотты болған 1986 жылғы жігіт күдікке ілінген. Одан сұрау алынып, басқа да тергеу шаралары жүргізіледі.

Айта кетейік, Ресей астанасындағы Пырьева көшесінің бойында қайтыс болған қызға пәтерді жалға берген ер адам блогердің өлі денесін тапқан. Қыздарына ұзақ уақыт бойы хабарласа алмаған ата-анасы пәтер иесіне өтініш айтқан. Қайтыс болған қыздың тамағын пышақпен кескен. Оның үстінде киімі болмаған. Қыз бала медициналық ЖОО-да оқып жүрген және әлеуметтік желіде блог жүргізген. Оған шамамен 80 мыңнан аса адам жазылған. Өз парақшасында блогер оқу үдерісі мен саяхат туралы айтатын болған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, кісі өлтіруге қызғаныш себепші болған.