Ресейлік әйел балаларымен бірге алтыншы қабаттан секіріп кетті

0
584

Балабақша меңгерушісі болып істеген келіншек кіші ұлымен оқиға орнында көз жұмды.


Ресейлік әйел балаларымен бірге алтыншы қабаттан секіріп кетті

ERNUR.KZ. Ресейдің Челябинск қаласында балабақша меңгерушісі бірі 2, екіншісі 11 жастағы ұлдарын алтыншы қабаттың терезесінен лақтырып, артынша өзі секіріп кеткен, деп жазады Azattyq Ruhy.

Қайғылы оқиға 14 маусымда түн ортасында қаланың Металлургия ауданында болған.

«Балабақша меңгерушісі болып жұмыс істейтін 37 жастағы әйел алтыншы қабаттағы пәтерінің терезесінен алдымен кіші баласын (ол анасы жұмыс істейтін балабақшаға барған), содан кейін үлкенін терезеден лақтырып жіберген. Әйел мен оның кіші ұлы оқиға орнында мерт болды. Ал 4-сынып оқушысы бас сүйек-ми жарақатымен және жамбас сүйегінің сынығымен ауруханаға жеткізілді», - деп жазады SHOT Telegram-каналы.

Қазіргі кезде әйелдің мұндай әрекетке не себептен барғаны анықталып жатыр. Белгілі болғандай, балалардың әкесі бұрын «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотты болған, қазір дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Бұл отбасы учаскелік полиция тізімінде тіркелмеген және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыға жатпаған.

Марқұмның құрбысы оның соңғы кездері өзін біртүрлі ұстай бастағанын, тіпті галлюцинация көретін болғанын айтады. Оның мұндай күйге түсуіне күйеуімен ажырасқысы келіп жүргені және отбасылық кикілжіңдер себеп болуы мүмкін деген болжам айтылды.