Ресейлік компания Қазақстанның 7 қаласына әуе рейстерін ашпақ

0
954

S7 ресейлік әуе компаниясы 2019 жылдың жаз маусымына Қазақстанға ұшатын билеттерді сатуды бастайды.


Ресейлік компания Қазақстанның 7 қаласына әуе рейстерін ашпақ

ERNUR.KZ. S7 ресейлік әуе компаниясы 2019 жылдың жаз маусымына Қазақстанға ұшатын билеттерді сатуды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәскеу - Өскемен – Мәскеу (Аптасына 4 рет Мәскеуден: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері.

Өскеменнен: сейсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері ұшады).

Мәскеу - Павлодар - Мәскеу (Аптасына 4 рет Мәскеуден: дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі, жексенбі күндері.

Павлодардан: сейсенбі, бейсенбі, жексенбі, дүйсенбі күндері).

Мәскеу - Орал - Мәскеу (сейсенбі, жұма, жексенбі күндері аптасына 3 рет ары-бері ұшады).

Мәскеу - Тараз - Мәскеу (Аптасына 2 рет Мәскеуден: сәрсенбі, жексенбі күндері; Тараздан бейсенбі, дүйсенбі күндері ұшады).

Новосібір - Алматы - Новосібір (дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері күн сайынғы күндізгі және түнгі рейстер).

Новосібір - Өскемен - Новосібір (аптасына 4 рет дүйсенбі, сәрсенбі, жұмыс, жексенбі күндері барып-қайтып ұшады) Новосібір - Қарағанды - Новосібір (аптасына 3 рет дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері барып-қайтып ұшады).

Новосібір - Шымкент - Новосібір (аптасына 2 рет сейсенбі, жексенбі күндері барып-қайтып ұшады).