​Ресейде 7 сайлау учаскесіндегі дауыс беру нәтижелері жойылды

0
1 123

Ресей президентін сайлау барысында дауыс берген 7 сайлау учаскесіндегі нәтижелер жойылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Ресейдің Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

"7 учаскеде сайлау нәтижесінің күші жойылды»- деді РФ ОСК басшысы Элла Памфилова қоғамдық Палата бақылаушыларының форумы барысында журналистерге.

ОСК дауыс беру нәтижесі жойылған учаскелер Дағыстанда, Мәскеу, Кемерово және Тюмень облыстарында екенін ғана айтып өтті.

Еске салар болсақ, өткен жексенбіде Ресейде президент сайлауы өтті. 19 наурыздағы мәлімет бойынша дауыс беру бюллетендерінің 99,83 % өңделіп, Ресей Федерациясының қазіргі президенті Владимир Путин 76,66 % дауыс жинап, алда келе жатқаны хабарланды.