Ресейдегі тағы бір сауда кешенінен өрт шықты

0
1 074

​Санкт-Петербург қаласында «Дом ленинградской торговли» әмбебап дүкенінен өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Пятый канал»-ға сілтеме жасап.


Ресейдегі тағы бір сауда кешенінен өрт шықты

фото: РФ ТЖМ баспасөз қызметі

Санкт-Петербург қаласында «Дом ленинградской торговли» әмбебап дүкенінен өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Пятый канал»-ға сілтеме жасап.

БАҚ хабарлағанындай, өрт сауда нысанының екінші қабатында тұтанған. Қызыл жалын ғимарат ішіне тарап кету қаупі туындаған. Алайда, тілсіз жау ауыздықталды. Кей дерек бойынша сауда кешенінен 60 адам эвакуацияланған.

Еске сала кетейік, Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда орталығындағы өрт салдарынан арасында 41 бала бар барлығы 64 адам қаза болып, 76 жан ауыр дене жарақатын алған. Тағы 70-ке жуқ адам дерексіз кеткені хабарланған еді.