Роналдиньо бірден екі әйел алмақ

0
1 428

Той тамыз айына жоспарланған. Бразилия және әлемнің бірнеше елінде екі қатын алуға тиым салынған. Сол үшін той бейресми өтетін болады.


Роналдиньо бірден екі әйел алмақ

ERNUR.KZ. Бразилия құрама командасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Роналдиньо үйленуге бел буды. Ең қызығы экс-футболшы бір уақытта екі қалыңдыққа - Присцилла Коэльо мен Беатрис Соузаға үйленетін болды. Мәлімметтер бойынша олар Роналдиньоның Рио - де - Жанейродағы екінші үйінде бірнеше айдан бері өмір сүріп келеді.

Той тамыз айына жоспарланған. Бразилия және әлемнің бірнеше елінде екі қатын алуға тиым салынған. Сол үшін той бейресми өтетін болады. Роналдиньо қос қалыңдығына үйленуді ағымдағы жылдың қаңтар айында ұсыныс жасаған. Тойға өзінің достары мен әйелдерінің туыстары шақыртырылған. Ал, Ронидің қарындасы Дейзи ағасы көпқатын алып жатқаны үшін тойға келуден бас тартып отыр.