Қазақстанда қыздарға қарағанда ұл балалардың өлімі жиі тіркеледі

0
1 006

Роналдудың гуманитарлық көмегі Түркия мен Сирияның көбірек зардап шеккен тұрғындарына жеткізіледі.


Қазақстанда қыздарға қарағанда ұл балалардың өлімі жиі тіркеледі

ERNUR.KZ. Қазақстанда қыздарға қарағанда ұл балалардың өлімі екі есеге көп тіркеледі. Бұл туралы “Қазақстан жастары - 2022” Ұлттық баяндамасында қамтылған, деп жазады stan.kz.

Жастар арасындағы өлім мәселесі “КазТаг” сайтында жарияланды. Онда елімізде қыздарға қарағанда ұл балалардың жиі өлім құшатыны жазылған. Әсіресе жастай қыршын кеткендер өте көп. Бұған басты себептердің қатарында - суицид, жазатайым оқиғалар мен қылмыс көрсетіліп отыр.

Яғни, баяндамадағы статистикаға сүйенсек, өлтіру дерегі - 4,7 пайызды көрсетсе, суицид - 4,5 және көлік апаты не жазатайым оқиғалар бойынша 2,8 пайызды құраған. Ал туберкулез ауруымен 3 пайызы өледі екен.

Десе де, 1999 жылғы көрсеткіш бойынша жастар арасындағы өлім 4 пайызға азайған. 22 жыл бұрын жастар арасындағы өлім-жітім үлесі - 73,7 пайыз болса, 2021 жылы 68,6 пайызға төмендеді.