Сәбиге Корона деген есім берілді

0
869

Корона бұл өңірде коменданттық сағаттың енгізілуіне бірер сағат қалғанда дүниеге келген.


Сәбиге Корона деген есім берілді

ERNUR.KZ. Үндістанның Уттар Прадеш штатында сәбиді коронавирус құрметіне атады. Қызға Корона есімі берілді, деп жазады sputniknews.kz.

Қыздың ағасы Нитеш Трипатидің айтуынша, коронавирус өте қауіпті, бірақ адамдардың бір жағадан бас, бір жеңген қол шығаруына жағдай жасаған. Салауатты өмір салтын ұстануға итермелегінін алға тартты. Ол қазіргі уақытта дүрбелең туғыздай, дәрігерлердің кеңесіне құлақ асу керек екенін айтып отыр.

"Сәби адамдардың вируспен күресінің символы болады", - деді ол.

Корона бұл өңірде коменданттық сағаттың енгізілуіне бірер сағат қалғанда дүниеге келген.