​Сәбиіне Гитлердің есімін қойған ата-ана қамауға алынды

0
2 271

Жаңа туған сәбилерінің есімін Адольф Гитлердің құрметіне қойған.


​Сәбиіне Гитлердің есімін қойған ата-ана қамауға алынды

ERNUR.KZ. Ұлыбританияда баласының есімін Адольф деп қойған ата-ана қамауға алынды, деп жазады NUR.KZ.

Абақтыға жабылған ата-ана Ұлыбританияда тыйым салынған "Ұлттық қозғалыс" тобына тіркеліп, жаңа туған сәбилерінің есімін Адольф Гитлердің құрметіне атаған.

22 жастағы Адам Томас, 38 жастағы Клаудия Пататас және 27 жастағы Даниэл Богунович те Гитлердің есімін ұлықтау қажеттігі туралы хабарлама таратып, арнайы киімдермен суретке түскен.

"Ұлттық қозғалыстарға тыйым салынғаннан кейін ол жұмысын тоқтатпай, жасырын түрде жалғастыра берген", - дейді прокуратура өкілі Деб Уолш.

Сот мәліметіне сүйенсек, Томас пен Пататас сәбилерін Адольф деп атап, үшінші рейх көсбасшысына деген құрметін көрсеткен.