Сайлаудың әділ өтуіне жол ашатын жаңа кодекс қабылданады

0
1 358

Оған қоса сайлауда азаматтар өзгенің орнына кіріп, дауыс бере алмайды.


Сайлаудың әділ өтуіне жол ашатын жаңа кодекс қабылданады

фото:old.aikyn.kz

ERNUR.KZ. Өзбекстанда партиялардың саяси белсенділігі одан әрі арта түседі. Тіпті жаңа ұйымдар да құрылуы мүмкін. Өйткені ендігі жерде жергілікті кеңестердің депутаттығынан үміткер кандидатты саяси партиялар ұсынатын болады, деп жазады 24.kz.

Бұл көрші елде қызу талқыланып жатқан жаңа сайлау кодексіндегі негізгі басымдықтардың бірі болмақ.

Құжатқа сәйкес, Өзбекстанда сайлаушылардың бірыңғай электронды тізімі жасалады. Қанатқақты жоба былтыр Ташкентте өткен саяси науқанда қолданылып, оң бағаланған. Кодекс сайлауды ұйымдастыру мен оны өткізу тәртібін жеңілдетеді, деп күтілуде. Өзбекстанда қазір 3 саяси партия мен бір экологиялық қозғалыс ұйымы бар.

Жобада соңғы аталған ұйым өкілдері үшін заң шығару палатасынан беріліп келген. 15 квотаны алып тастау ұсынылған. Ендігі жерде экологиялық ұйым оны халықтың сеніміне кіру арқылы жеңіп алулары керек. Ал жалпы әртүрлі деңгейдегі маслихаттағы нәзік жандылар саны 30 пайыз күйінде сақталып қалмақ. Құжат қазіргі қолданыстағы сайлау туралы бес заңды біріктіруге бағытталған. Көпшіліктің пікірі ескеріледі. Бастысы, кодекс халықтың дұрыс таңдау жасап, сайлаудың әділ әрі жариялы өтуіне мүмкіндік береді екен.

Сафар Останов, ХДП Орталық кеңесі Атқару комитетінің мүшесі, Өзбекстанның құрметті журналисі:

- Жаңа сайлау кодексіндегі нормалар бұдан кейін Өзбекстанда сайлаудың шынайы әрі әділ өтуін қамтамасыз етеді. Саяси партиялар арасында демократиялық бәсеке туындайды. Оған қоса сайлауда азаматтар өзгенің орнына кіріп, дауыс бере алмайды. Яғни әр сайлаушы тек өзі таңдаған үміткеріне дауыс береді. Бұл сайлаудың тәуелсіз өтуіне мұрындық болады. Ең бастысы, елдің демократиялық жолмен дамуына, сайлаудың таза өтуіне негіз болады.