​Салют атамын деп қолынан айырылды: Қазнетте адамшошырлық видео тарады

0
1 189

Ал видеоның қайда және қашан түсірілгені белгісіз.


​Салют атамын деп қолынан айырылды: Қазнетте адамшошырлық видео тарады

ERNUR.KZ. Қазақстандық қолданушылардың WhatsApp мессенджеріндегі ата-аналар чатында және әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның петарда атқысы келіп, қолынан айырылғаны түсірілген видео тарап жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Роликке қатысты мынадай сипаттама жазылған: "Құрметті әріптестер! Артқа қарай атылатын қытайлық петардалар сатылымға шығып жатыр. Бұл видеодан көрінеді. Бұл роликті ата-аналар чатына таратыңыздар. Сақ болыңыздар".

Ал өз кезегінде ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов видеоға қатысты пікір білдіре отырып, "видеодағы оқиға Қазақстанда болды деген мәлімет жоқ" екенін мәлімдеді. Ал YouTube хостингінде бұл ролик биылғы қазанда жүктелген.

Оның сипаттамасында былай деп жазылған: "Ер адам мас күйде достарын таңғалдырмақ болып, өз қолынан отшашу атпақ болып, қауіпсіздік ережесін бұзды".

Ал видеоның қайда және қашан түсірілгені белгісіз.