Санкт-Петербургте спорт кешені опырылып түсті: Желіде видеосы тарап кетті

0
653

Осы уақытта спорт-концерт кешенінің шатырында жұмысшылар болған.


Санкт-Петербургте спорт кешені опырылып түсті: Желіде видеосы тарап кетті

ERNUR.KZ. Санкт-Петербургте "Петербург" спорт-концерт кешенін бөлшектеу кезінде толықтай опырылып түскен, деп жазады Stan.kz.

ЕҮК шатырын қирату сәті бірден бірнеше ресейлік Telegam-арналарды жарияланды. Ауадан түсірілген кадрларда кешеннің конструкциясы бұзыла бастайды. Осы уақытта спорт-концерт кешенінің шатырында жұмысшылар болған.

Видеодан бір жұмысшы құтқаруға тырысқан сәтін көруге болады. Оның жағдайы туралы қазір ештеңе белгісіз. Ресей ТЖМ-де бір жұмысшы үйіндінің астында болуы мүмкін деп хабарлады.