Селфи жасамақ болған студент 10-қабаттан құлап кетті

0
909

Алдымен орындық алып, 10-қабаттағы балконның жиегіне отырған.


Селфи жасамақ болған студент 10-қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. 19 жастағы Виктория Гринкевич Литва астанасы Вильнюстегі Еуропа мемлекеттік университетінің студенті. Беларусьте дүниеге келген бойжеткеннің денесі өзі тұрған студент қалашығындағы жатақхана маңынан табылды, деп жазады sn.kz.

Куәгерлердің айтуынша, ол түнгі қаланың фонында жоғарыдан суретке түспек болған. Алдымен орындық алып, 10-қабаттағы балконның жиегіне отырған. Сол кезде бойжеткен тепе-теңдіктікті сақтай алмай, құлап кеткен.

Жедел жәрдем дәрігерлері студентті аман алып қалу үшін жарты сағат күрескен. Алайда марқұм ауруханаға жетпей көз жұмды.

Викторияның өлімін Беларусь Республикасының СІМ растады. Ал Вильнюс полицейлері оқиға болған жерде тексеру жүргізіп, студенттерден түсінік алып жатыр.